II Халықаралық Форумы «Коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті кіріктіру құралы»

тіркелген: 579 қатысушы

ФОРУМ ТУРАЛЫ
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында индустрияның алдына жаңа технологияларды енгізудің флагманы болу міндетін белгілеген. Бейімделгіштік, ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелерін өндірістік үдеріске жылдам кіріктіру басқарудың заманауи бизнес үлгілерімен қатар отандық кәсіпорындар және жалпы өнеркәсіпке бәсекелі күресте тұрақты болуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың өзекті мәселелеріне, сонымен қатар, ғылым мен бизнесті кіріктіру үдерісіне баса назар аудару керек.

Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми-практикалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үдерісін қолдай отырып, «Ғылым қоры» АҚ 2018 жылғы қазанда «Коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті кіріктіру құралы» ІІ халықаралық форумын өткізеді.

Форум брокерлік оқиға форматында өткізіледі. Осы мақсатта «Ғылым қоры» АҚ қолдайтын ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының көрмесі ұйымдастырылатын болады. Көрме ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті сатып алушылармен және серіктестермен байланысты жолға қоюға мүмкіндік беруі керек.

Өткізіліп отырған Форум шеңберінде коммерцияландыруды қолдау құралдары, ғылым, технология және инновациялар, технологиялық кәсіпкерлік және халықаралық жетекші компаниялардың қатысуымен старт-ап компанияларды дамытуды қолдау құралдары бойынша шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланған.

Форум жұмысына бизнес, салалық ассоциациялар, ғылыми және академиялық қауымдастық, сонымен қатар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын болады.